Аққулыда қарағайды артығымен тасымалдаған жүргізуші ұсталды
Жүргізушіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, полиция қызметкерлері Аққулы ауданы Шарбақты ауылының маңында рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде Тереңкөл ауданының 48 жастағы тұрғынының басқаруымен «КамАЗ» маркалы автомашинаны ұстаған.
- Тексеру кезінде жүргізушінің «қарағай» ағашын тасымалдағаны анықталды. Бұл ретте ағаш көлемі ілеспе құжаттарға сәйкес келмеді, - деді департаментте.
Полиция ұрлық фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Фото: облыстық ПД