Павлодарда жол апаты салдарынан трамвай кешікті

Павлодарда жол апаты салдарынан трамвай кешікті

Екі автокөлік Ломов - Нұркин көшелерінің қиылысында соқтығысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық трамвай басқармасының мәліметінше, трамвай қозғалысы жол апаты салдарынан  Назарбаев даңғылына қарай 16 минутқа кешікті.

– Трамвай қозғалысына кедергі келтіретін мұндай апаттық жағдайлар көбінесе автокөлік иелерінің жол ережелерін сақтамау салдарынан туындайды, – деді басқармада. 

Трамвай тоқтаған кездегі шығынды жол-көлік апатына  кінәлі адам өтейтін  болады.

Фото: Константин Шелков