Успен ауданында жанған жер үйден газ баллоны шығарылды

Успен ауданында жанған жер үйден газ баллоны шығарылды
Фото: облыстық ТЖД ұсынды

Өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 31 қаңтарда сағат 05:54-те №17 өрт сөндіру бөлімінің байланыс пультіне Успен ауылы Степная көшесіндегі үйдің жанғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Шақыру орнына 17-ӨСБ № 3 кезекші қарауыл және бір автоцистерна жұмылдырылды. 

– Бір қабатты газаблокты жер үйде жалпы ауданы 120 шаршы метрде ағаш шатыр, үй заттары мен құрылыс материалдары жанғаны анықталды.  Зардап шеккендер жоқ,– деді департаментте.

17-ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы, азаматтық қорғау кіші сержанты Қайрат Аусагитов өртті барлау және сөндіру барысында көлемі 27 литр 1 газ баллонын тауып, далаға шығарды. Үйлесімді іс-қимыл нәтижесінде құтқарушы жарылыстың және жақын маңдағы тұрғын үйлерге оттың одан әрі таралуының алдын алды.