Екібастұзда бірнеше күн есік ашпаған зейнеткер аман қалды

Екібастұзда бірнеше күн есік ашпаған зейнеткер аман қалды
Фото: Павлодар облыстық ТЖД

Зейнеткер туыстарына тапсырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 қаңтарда сағат 12.06-да 112 қызметі диспетчерінен жалғызбасты зейнеткер бірнеше күн бойы есікті ашпағаны туралы хабарлама түскен. 

– Оқиға орнына келген ТЖД құтқарушылары жылжымалы баспалдақтың көмегімен үшінші қабатқа көтеріліп, терезені ашу арқылы пәтерге кірді, – деді департаментте.

Құтқарушылар егде жастағы ер адамның еденде жатқанын анықтады.  Оны көтеріп, төсекке жатқызды.