Баянауыл Ұлттық табиғи саябағында құрғақ шөп жанды

Баянауыл Ұлттық табиғи саябағында құрғақ шөп жанды

Таулы аймақта құрғап қалған екі ағаш жанған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 18 маусым күні Жасыбай демалыс аймағында сағат 18.25-те «112» пультіне тауда түтін шыққаны туралы хабарлама түскен. Өрт сөндіруге төрт адам және үш техника жіберілді. 

Құлап кеткен екі құрғақ ағаш жанып кетті. Өрттің таралу қаупі болған жоқ, – дейді басқармада

Таулы аймақта өрт сөндіру қиын болғандықтан, өрт сөндірушілер 400 метр биіктікке көтеріліп, бүріккіштермен өртті тоқтатты. Жалпы ауданы 50 шаршы метр аумақта құрғақ шөп жанған. 

Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда.

Фото: Баянауыл ауданының төтенше жағдайлар бөлімі ұсынды