Екібастұзда ескі зират аумағында құрғақ шөп жанды

Екібастұзда ескі зират аумағында құрғақ шөп жанды
Фото: ТЖД

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 6 сәуірде сағат 13:44-те Екібастұз қаласы 2-МӨСБ «101» пультіне ескі зират аумағында құрғақ шөптің жанып жатқаны туралы хабарлама  түсті. 

Өрт сөндірушілердің үйлесімді жұмысының нәтижесінде өрт сағат 17:30-да толықтай жойылды

 – Шақыру орнына келген өрт сөндірушілер  500 шаршы метр аумақта құрғақ шөп жанып жатқанын анықтады, – дейді департаментте.

Айта кетейік, ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салады. Өрт болған жағдайда жедел түрде 101 немесе 112 нөміріне хабарласуды сұрайды.