Павлодарда жеті жасар бала жоғалып кетті

Павлодарда жеті жасар бала жоғалып кетті
Фото: Константин Шелков, Vita

Оқушы мектептен шығып кеткен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Vita еріктілерінің айтуынша, Мұстафа Нұрланұлы 6 наурызда № 17 мектептен шығып кеткен және сол күйі оралмаған. Ол 2015 жылы 29 шілдеде дүниеге келген. 

– Бойы – 130 см, көздері мен шашы қоңыр. Қара күртке, қара көк шалбар, қара бас киім, қара аяқ киім киген. Өзімен бірген Майнкрафт рюкзагы болған, – деп жазылған хабарламада. 

Еріктілер Мұстафа Нұрланұлын  көрген адамдар болса, +7 (747) 615 55 63 (Катерина), +7 (777) 334 82 01 (Светлана) нөмірлері бойынша хабарласуды сұрайды.