Баянауылда «Қазақшаңыз қалай?» атты бейне сұрақ-жауап өтті

Баянауылда «Қазақшаңыз қалай?» атты бейне сұрақ-жауап өтті

Ойынға өзге ұлт өкілдері қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Сұрақ-жауап ойынын 1 мамыр – Қазақстан халықтар бірлігі күніне орай Баянауыл аудандық мәдениет үйінің алаңында аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Павлодар облысы бойынша Баянауыл аудандық филиалы ұйымдастырды. 

Ойынға қатысушыларға Баянауылдан шыққан тұлғалар жайлы, орысша сөздердің қазақша атауын табу және мақал-мәтелді жалғастыру сияқты тапсырмалар берілді. 

- Қазақ тілінің аясын кеңейту мақсатында өңірімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған іс-шара алдағы уақытта дәстүрлі түрде өтеді деп жоспарлануда - дейді «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалының төрағасы Мұсабек Сейсенбекұлы.

Тапсырмалардың басым көпшілігіне жауап берген Таиса Наумова, Виктория Смирнова, Тимур Смирнов есімді үш қатысушы заттай бағалы сыйлықтарға ие болды.