Павлодарда балаларды тасымалдау ережелерін бұзғандар саны 600-ден асты

Павлодарда балаларды тасымалдау ережелерін бұзғандар саны 600-ден асты
Фото: ЖИ

Себебі кенеттен тежеу кезінде соққының барлық ауырлығы балаға түсуі мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полицейлер жүргізуші-ата-аналардың назарын автокөлік салонында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қауіпсіздік белдіктері мен балаларды ұстап тұратын арнайы құрылғыларды қолдану қажеттілігіне аударып отыр.

– Ең алдымен, бұл талап қыңырлық емес, баланың өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталғанын түсіну маңызды. Демалыс күндері болсын, мектепке бару немесе балалармен қала сыртына шығу болсын, жол қашықтығына қарамастан, көліктегі баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық шараны қабылдау қажет. Такси қызметін пайдаланатын ата-аналар тасымалдаушы компанияны таңдауда мұқият болып, баланың көліктегі қауіпсіздігі алдын ала қамтамасыз етілгеніне көз жеткізуі тиіс, – делінген хабарламада.

Жыл басынан бері балаларды тасымалдау талаптарын бұзғаны үшін 683 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.