Биыл Павлодардың жылу желілеріне жеті млрд теңгенің жөндеуі жүргізіледі

Биыл Павлодардың жылу желілеріне жеті млрд теңгенің жөндеуі жүргізіледі
Фото: ӨКҚ

Оның ішіне желілерді жаңарту мен күрделі жөндеу жұмыстары кіреді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Баспасөз жиынында Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Арслан Қалияқбаров қазіргі уақытта қаладағы көп қабатты үйлердің 95 пайызында ыстық су бар екенін атап өтті.

 - Біз желілерлегі сынақ жұмыстарынан кейін 1 айдың ішінде үйлерге ыстық су беруді әдетке айналдырдық. Өткен жылы сынақтардан кейін кварталішілік желілерде 163 ақау анықталса, биыл 287 ақау шығып, едәуір көбейді. Дегенмен, уақытында жөндеп, қазір 1277 көпқабатты үйдің 1209-ында ыстық су бар, - деді Арслан Қалияқбаров.

Қаладағы кварталішілік жылу желілері жаңартуға байланысты 54 көпқабатты үйде ыстық су жоқ. Бұл үйлерде ыстық су 25 тамызға дейін нақты болмайды.

Ал, 14 үйде ПИК үй  ішіндегі желілерді жөндеп жатыр. Соған байланысты тамыз айына дейін осы үйлерде ыстық су болмайды.

Айта кетейік, биыл қаланың солтүстік бөлігін 3-ЖЭО-мен қосатын №37 жылу магистралін жаңарту жұмыстары жасалуда. Оған 3 млрд теңге бөлінген. Сондай-ақ қала ішіндегі 4 учаскеде кварталішілік желілерді жаңартуға 3,2 млрд теңге бөлінген. Оған қоса, қаладағы жылу желілерін күрделі жөндеуге 624 млн теңге қарастырылған.