Павлодар облысы жолдары жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үштікке кірді

Павлодар облысы жолдары жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы  үштікке кірді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

ҚР-да жол құрылысына салынған инвестициялар көлемі 43 % өскен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Finprom.kz сарапшылары таратқан деректерге сүйенсек, 2023 жылдың қаңтар–қазан айларында автомобиль және темір жол құрылысы саласындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар 274,1 млрд теңгеге жетті. Бұл – бір жыл бұрынғы ұқсас кезеңге қарағанда бірден 42,5%-ға артық.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ жылдық есебінің деректері бойынша 2022 жылы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге және күтіп ұстауға 113,6 млрд теңге бөлінді. Бір жыл бұрынғы сома 95,8 млрд теңгені құраған. Қаражат 100% игерілген. 

Бөлінген қаражат шеңберінде күрделі және орташа жөндеумен 157 нысан қамтылды (45-і – күрделі жөндеу, 112-і – орташа жөндеу). 1079,4 шақырым жол пайдалануға берілді.

Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 2022 жылы – 91%, өткен жылы 90% құрады.

Өңірлер арасында 2022 жылы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың ең көп үлесі Жетісу облысына тиесілі болды: 99%. Көшбасшылар үштігіне Павлодар және Түркістан облыстары да кірді: 96,5% және 95,2%. 

Ең нашар көрсеткіштер Абай (77,9%), Ұлытау (78,3%) және Батыс Қазақстан (85,6%) облыстарында байқалды.