Екібастұзда санитарлық тазалық мәселесі бойынша рейд жүргізілді

Екібастұзда санитарлық тазалық мәселесі бойынша рейд жүргізілді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Абаттандыру ережелерін бұзған жер пайдаланушысына аумақты ретке келтіруді тапсырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қала әкімі Аян Бейсекин Instagram парақшасында санитарлық тазалыққа қатысты кезекті жұмыс сапары туралы мәлімдеді. Оның айтуынша, қаланың тазалығы тек коммуналдық қызметтердің міндеті емес, жер иелері де өз аумақтары мен оған іргелес жатқан жерлерді ретке келтіріп, таза ұстауға жауапты.

– Егер әрбір кәсіпкер өзіне тиесілі және іргелес аумақтың тазалығын сақтаса, қаламыз әлдеқайда көрікті болары сөзсіз, – деді қала әкімі.

Алайда қалада абаттандыру ережелерін сақтамай отырған жер пайдаланушылар бар. Осыған байланысты қала басшысы қаланың кіреберісінде орналасқан жер телімінің жалға алушысымен кездесіп, келісімшарт талаптарына сәйкес, аумақты қысқа мерзім ішінде тазартуды тапсырды.

Сонымен қатар, әкім жер қатынастары, сәулет және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерінің басшыларына полициямен бірлесіп, санитарлық талаптарды орындамайтын жер пайдаланушылармен жұмысты күшейтуді тапсырды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Аян Бейсекин (@abeysekin)