Павлодарда аялдама маңында трамвай өртенді

Павлодарда аялдама маңында трамвай өртенді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оқиғадан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, сағат 15:34-те «Нефтяник саяжайы» аялдамасының маңында трамвайдың жанғаны туралы «112» пультіне хабарлама түсті.

– Оқиға орнына өрт сөндірушілер жедел жетіп, сағат 15:53-те жалынды толық сөндірді. Өртті ауыздықтауға шақырту түскен сәттен бастап 19 минут қажет болды, – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта трамвайдағы өрттің шығу себебі анықталып жатыр.