Баянауыл ауданында орын алған жол апатының мән-жайы анықталды
Жол-көлік оқиғасында екі адам көз жұмған, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 тамыз күні сағат 16.00 шамасында Екібастұз - Жаңажол ауылының автожолында «ВАЗ-2110» және «Лада Приора» автокөліктері соқтығысты.
Салдарынан «ВАЗ-2110» көлігіндегі 53 жастағы ер адам және 31 жастағы жолаушы оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды.
– 32 жастағы жүргізуші және оның 2015 жылы туған жолаушысы, сондай-ақ «Лада Приора» автокөлігінің 31 жастағы жүргізушісі мен 1998 жылы туған жолаушы түрлі жарақаттармен Екібастұз қаласындағы ауруханаға жеткізілді, – дейді департаментте.
ЖКО фактісі бойынша тексеру жүргізілуде. Автокөліктер айып тұрағына қойылды, сараптама тағайындалды.
Еске сала кетейік, аталаған жол апатында жеті жастағы ер бала жабық ми зақымы, мидың шайқалуы, жамбас сүйегінің сынуы диагноздарымен Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді.