Павлодарда бір апта бұрын із-түссіз жоғалған адамды іздестіруде

Павлодарда бір апта бұрын із-түссіз жоғалған адамды іздестіруде

Еріктілер оның өмірі үшін алаңдаулы, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Жанат Инцыбаев 12 шілде күні сағат 23:00 Шарбақты жолы бойымен орман алқабына түсіп, белгісіз бағытта кетіп қалғаны туралы «VITA» еріктілері хабарлаған болатын. Оның жоғалғанын байқаған анасы артына жүгіріп шығып, Шарбақты тас жолына дейін барған. Көпірден өтіп, Жетекші кентіне жақындағанда Жанат көзден таса болған. Іздестіру уақыттарынан бері бір апта өтті, алайда Жанат туралы ешқандай хабар жоқ. 

– Ол апта бойы ыстық ауа райында сусыз және тамақсыз жүр. Біз не ойларымызды білмейміз, – дейді «VITA» еріктілер отрядының басшысы Екатерина Кудрявцева. – Қаншама іздестіру шараларынан кейін бірде-бір ізі табылмады. Адам ұшты-күйлі жоқ болып кеткендей.

Ер адам Павлодар  облыстық психоневрологиялық диспансердің тізімінде тұр. Еріктілердің айтуынша, оның іс-әрекеттері адамға біртүрлі болып көріну мүмкін. Оны мас күйіндегі адаммен шатастыра аласыз. 

«VITA» еріктілер отряды Жанат Инцыбаев Шарбақты жолы бойымен Жетекші-Құлынды, Успен жол жағына кетуі мүмкін деп болжамдайды.  

Ол қара трико, көк майка, қара аяқ киім киген.

Жанат Инцыбаев туралы ақпараты бар адамдарды  осы телефондар арқылы хабарласуды сұрайды: 8 (747) 615- 55- 63 Катерина, 8 (777) 334 -82 -01 Светлана

Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті.