Бір ауыл – бір өнім: Павлодарлық кәсіпкерлер конкурс-көрмеге өтінім бере алады

Бір ауыл – бір өнім: Павлодарлық кәсіпкерлер конкурс-көрмеге өтінім бере алады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Конкурсқа облыстың тауар өндірушілері қатыса алады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Өнімді (тауарды) жергілікті шикізатты пайдалану критерийі бойынша айқындау кезінде өнім негізінен жергілікті шикізаттан өндірілетін өнімге жол беріледі. Бұл ретте әкелінетін фурнитура, өндірілген өнімді толықтыратын шығыс және басқа да қосымша материалдар қосымша пайдаланылады. Мысалы, былғарыдан жасалған бұйымдар (сөмкелер, әмияндар), ал әкелінетін арматура құлыптар, тойтармалар және басқа материалдар фурнитура ретінде қолданылады, – деп жазылған хабарлама. 

Өнімді (тауарды) БАБӨ жобасына сәйкестігін айқындау мынадай міндетті өлшемшарттар ескеріле отырып жүзеге асырылады: 

  • өнім (тауар) жергілікті шикізаттан өндірілуі тиіс;
  • өнімді (тауарды) дайындау кезінде күрделі емес, қарапайым құралдар мен механизмдер пайдаланылуы тиіс; 
  • өнім (тауар) мүмкіндігінше ол өндірілетін аумақтың өңірлік ерекшелігін көрсетуі және қамтуы тиіс; 
  • тауар құрамында қауіпті немесе зиянды заттардың болмауы;
  • сақтау мерзімі бес күннен аспайтын тез бұзылатын өнім (тауар) ұсынылмайды. 

Өтінімдерді қабылдау Луговая көшесі, 16, 319 кабинет мекенжайы бойынша жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады. Түскі асқа үзіліс: сағат 13.00-14.00.

Өтінімдер 2024 жылдың 9 тамызына дейін қабылданады. Барлық сұрақтар бойынша 87182660311 (ішкі. 5553) хабарласуға болады.