Павлодарда субұрқақтар іске қосылды
Әзірге тек төртеуі ғана жұмыс істеп тұр. Ал қалғаны мамыр айының соңына дейін берілетін болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, облыс орталығында 25 субұрқақ бар. Оның 20-сы "Коммунсерсвис"коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының еншісінде.
- Қазіргі уақытта орталық субұрқақ, сондай-ақ Ак.Сәтбаев көшесіндегі, "Айналайын" саябағында және Естай атындағы МҮ жанындағы субұрқақ жұмыс істеп тұр. Гагарин саябағындағы және орталық мешіттің жанындағы субұрқақтар сәйкесінше мамыр айының басында және ортасында іске қосылады. Қазір оларды консервациялау жұмыстары жүргізілуде, - делінген хабарламада.
Бүгінде "Коммунсервис" мамандары сорғылар мен электр қозғалтқыштарын тексеруде. Олар жабдықты жуып, құбырларды үрлеп, қажет болған жағдайда субұрқақтардың тостағандары мен қаптамаларын жөндейді.
Әзірге қалған субұрқақтардың нақты қашан іске іске қосылатыны айтылмады. Шамамен мамыр айының ортасында немесе соңында барлығы жұмыс істейді деп күтілуде.