Павлодарда баласына қарамай ішімдікке әуес болған ана жазаланды

Павлодарда баласына қарамай ішімдікке әуес болған ана жазаланды
Фото Константин Шелков

Оның кәмелет жасына толмаған қызы балалар үйіне орналастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, отбасындағы олқылықты көршілері айтып, дабыл қаққан.

- Полицияға Нұрмағамбетов көшесіндегі пәтерлердің бірінде ащы суға әуес әйелдің тұратыны әрі оның тәрбиесінде жас бала бары жайында қоңырау келіп түсті. Тәртіп сақшылары аталған мекен-жайға барып, расыменде ананың ішімдік ішетінін, қызын тәрбиелеумен айналыспайтынын, өмір сүруге қолайлы жағдай жасамайтынын анықтады, - делінген хабарламада. 

Ювеналды полиция қызметкері анасына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша әкімшілік материал толтырды. Материал сотқа жіберілді. Кәмелетке толмаған бала балалар үйіне орналастырылды. Отбасы Павлодар қаласы полиция бөлімінде есепке қойылды. 

Сондай-ақ, әйелдің тәртібі кәмелетке толмағандардың құқығы және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі қалалық комиссияда қаралатын болады.