Ақсуда ғасырдан астам өмір сүрген тыл еңбеккері дүниеден озды

Ақсуда ғасырдан астам өмір сүрген тыл еңбеккері дүниеден озды
Фото: Ақсу әкімдігі ұсынды

Зоя Шаймурова Ақсу қаласының ұзақ ғұмыр кешкен тұрғыны болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Ақсу қаласының әкімдігі Зоя Шаймурованың қайтыс болуына байланысты отбасына, туған-туыстарына, жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл білдіруде.

– Зоя апа жарқын тұлға, әйел-ананың, еңбекқорлықтың үлгісі болды. Ғасырдан астам өмірін адал және абыроймен өткізген ол өзінен тек жылы, жақсы естеліктер қалдырды,– деді әкімдікте.

Зоя Шаймурова – тыл еңбеккері. Марқұм күйеуі, Ұлы Отан соғысының қатысушысы Ақпанбет Шаймуровпен бірге Оңтүстік Орал темір жолының құрылысына қатысты. Олар екі бала, 9 немере, 19 шөбере, 13 шөпшек сүйді.