«Даму» қоры павлодарлық кәсіпкердің арманын орындады

«Даму» қоры павлодарлық кәсіпкердің арманын орындады

Енді ол коммерциялық ғимараттарды жалдамайтын болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

2023 жылдың қыркүйегінде Рада Маутина тұрғындар арасында да, шағын және орта бизнес өкілдері арасында да сұранысқа ие сабын мен тазалау құралдары мен кеңсе тауарларын сатумен айналысатын жеке кәсіпкер ретінде тіркелді.

Алғашқы кезеңде ол «Қарлығаш» сауда үйінен бутикті жалға алып, аз қаражатымен жеке кәсібін дамыта бастады. Тұтынушылардың қажеттіліктеріне назар аударудың және дұрыс таңдалған сұрыпталымының арқасында бизнес қарқынды дами бастады.

– Кеңейтсем деген арманым болған, бірақ осы мақсатқа қаржыландыру керек болды. Бастапқыда пәтерімді сатып, коммерциялық ғимаратты алғым келді, бірақ әпкем «Даму» қорына баруға кеңес берді. Онда мені пәтер сатудан айнытқаны жақсы болды. Барлық тәуекелдерді ескертіп, жаңа бағдарлама бойынша несие алуды шештім. Менің ойлауымша, біреудің қалтасын толтырғаннан гөрі өз несиеңді төлеген дұрыс, – деп өз оқиғасымен бөлісті Рада Маутина.

Сөйтіп, ол банктен бес жыл мерзіміне жылдық 19,9 пайызбен 33 миллион теңге несие алған. Бірақ шығынның басым бөлігін «Даму» өзіне алды, ал қалған тоғыз пайызын кәсіпкер өзі төлейді. Рада Маутина өзі айтқандай, «Даму» қоры болмаса, ол несие үшін 850 мың теңге төлейтін еді, ал субсидиялардың арқасында ай сайынғы төлемі екі есе төмен болады.

Бұл ақшаны ол ғимаратты сатып алуға, ішіндегі жөндеу жұмыстарына және жаңа жабдықтарға жұмсады. Ғимарат ескі, ауданы 33 шаршы метр, бұрын ішінде сұлулық салоны болған. Жөндеу жұмыстары ең қысқа мерзімде жасалуы керек еді, өйткені субсидия банк ақша аударғаннан кейін үш айдан кейін ғана мақұлданды.

Фото: автор