Павлодарда «Наурыз бояулары» есептік көрмесі өтеді
Жергілікті суретшілер Наурыз мерекесіне орай 50-ден астам кескіндеме және графика туындысын ұсынады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
2024 жылдың 18 наурызында сағат 16:00-де Нағымбек Нұрмұхаммедов атындағы Павлодар облыстық көркемсурет музейінде Павлодар облысының Суретшілер Одағының және қаламыздың суретші-педагогтарының «Наурыз бояулары» есептік көрмесінің ашылуы өтеді.
Шығыс күнтізбесі бойынша Наурыз – көктем, табиғаттың жаңаруы, жаңа жылдың басталуы мен жаңа өмірдің мерекесі. Азияда бұл мереке 22 наурызда, күн мен түннің теңелген күні атап өтіледі. Наурыз көпұлтты Қазақстанда тұратын барлық халықтарға бірдей қымбат. Бұл мереке қазіргі заманға үйлесімді түрде еніп, өткен және қазіргі дәстүрлердің сабақтастығын білдіретін маңызды оқиғаға айналды.
Суретшілер өз туындыларында көктемгі мерекенің атмосферасын жеткізуге тырысты. Суреттерде ұлттық костюмдер, дәстүрлер, және ою-өрнектер бейнеленген.
Көрме туындылардың жоғары кәсіби деңгейімен, олардың тақырыптық, жанрлық және стилистикалық алуан түрлілігімен, хас шеберлердің ғана емес, сонымен қатар жас авторлардың да отандық бейнелеу өнері мектебінің дәстүрлеріне адалдығымен ерекшеленеді.
Көрме бір ай бойы жұмыс істейді.