Павлодарлық филармония Иса Байзақовтың туған күнін ерекше концертпен тойлайды

Павлодарлық филармония Иса Байзақовтың туған күнін ерекше концертпен тойлайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Көрермендерді мазмұнды әрі тартымды бағдарлама күтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

3 қазанда сағат 19:00-де «Халықаралық музыка күні» мен Иса Байзақовтың туған күніне орай Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясында «Самға, өнерлі ұрпақ! Иса жолымен...» атты мерекелік концерт өтеді. 

Филармония тарихында алғаш рет бас сахнада кәсіби музыканттармен бірге Рүстембек Омаров атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі әртістерінің балалары, яғни, қаладағы музыка мектептерінде оқитын жас таланттар өнер көрсетеді.

Осыдан тура 125 жыл бұрын, дәл осы күні, 3 қазанда қазақтың көрнекті ақыны, күйші, қазақ ұлттық театрының алғашқы кәсіби әртістерінің бірі Иса Байзақов дүниеге келді.

Концерттік бағдарламада қазақтың әйгілі композиторлары Евгений Брусиловский мен Нұрғиса Тілендиевтің ең танымал шығармалары орындалады. Жас музыканттар оркестрмен бірге флейтада, скрипкада, қазақ халық аспаптарында шығармалар орындап, ән шырқайды.