Екібастұзда дауылда жарақат алған тұрғын көз жұмды

Жамбасы сынған зейнеткер бес күн бойы ауруханада жатты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Дауыл кезінде 76 жастағы тұрғынға жеке үйінің ауласында өсіп тұрған ағаш құлаған. Жедел жәрдем бригадасы әйел адамды Екібастұз қалалық ауруханасына бірнеше жарақатпен жатқызып, реанимация бөліміне орналастырды.
– Дегенмен, қарқынды емдеуге қарамастан, пациенттің жүрегі зақымданулар мен созылмалы аурулардың ауырлығынан реанимацияда болған бесінші тәулікте тоқтап қалды, – деп хабарлады облыстың денсаулық сақтау басқармасында.
Павлодар №1 қалалық ауруханасында жамбас сүйегі сынған және көгерген 28 жастағы қыз емделуді жалғастыруда. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалайды. «Версаль» шаштаразының жанындағы дауыл кезінде жарақат алған екі бала облыстық балалар ауруханасынан амбулаторлық емделуге шығарылды.
Естеріңізге сала кетейік, 19 маусымда Павлодар облысында желдің жылдамдығы секундына 40 метрден асты, салдарынан 47 нысан зақымданды. Қалалар мен бірнеше аудандарда төтенше жағдай режимі енгізілді. Ақсуда ағаштың бұтағы такси жолаушысының кеудесін тесіп өтіп, әйел адам оқиға орнында қайтыс болды. Билік тарапынан қайтыс болған отбасыға материалдық көмек көрсетіледі.