Павлодарлық спортшы Қытайда әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Қазіргі уақытта ол елорданың намысын қорғап жүр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласының тумасы, №19 мектептің түлегі Әлихан Мәулет батуттық гимнастикадан 2026 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Қытайдың Нанкин қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінде қазақстандық спортшы 17–21 жас аралығындағы атлеттер арасында қос мини-трамп (Double Mini-Trampoline) бағдарламасы бойынша өнер көрсетіп, күміс медаль жеңіп алды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қазіргі уақытта Әлихан Астана қаласының атынан өнер көрсетеді. Ол №1 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшысы және Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі.