Павлодарда есірткі қаптаушылар қолға түсті

Павлодарда есірткі қаптаушылар  қолға түсті
Фото: Константин Шелков

Олар жарты килограмнан астам есірткімен ұсталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.   

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодар қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу аясында жеке тінту барысында ер адам есірткімен ұсталды. Ал есірткі сатушының тұрғылықты жерін тінту кезінде полицейлер жалпы салмағы 415 грамм болатын синтетикалық есірткі бар тағы 13 түйіншекті, таразыны, полиэтилен пакеттерді тапты. 

– Полицейлер оның сыбайласын ұстады. Тінту кезінде оның көлігінен жалпы салмағы 198 гр болатын синтетикалық есірткі заты бар 2 полиэтилен пакет табылды, – дейді департаментте. 

Осы фактілер бойынша заң бұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК 297-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Баптың санкциясы 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Екі азамат қамауға алынды.