Павлодар облысында бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Павлодар облысында бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Тінту кезінде олардан қару-жарақ тәркіленді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Polisia.kz. ақпараттық медиа порталдың хабарлауынша, полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері прокуратураның үйлестіруімен қылмыстық топ ұсталды.

Олардың құрамында  25 пен 35 жас аралығындағы адамдар кірген. Қазіргі уақытта күдіктілердің бопсалаудың бес фактісіне қатысы бар екені анықталды. Сонымен қатар топ мүшелерінің Павлодар облысының аумағында қаруды қолданумен бұзақылық жасауға және пәтер ұрлығына қатысы бар-жоғы да тексеріліп жатыр. Тінту шараларының нәтижесінде қатысушылардан бес атыс және травматикалық қару, қолдан жасалған кастеттер, биталар мен пышақтар, сондай-ақ РГД-5 гранатасы тәркіленді. Тәркіленген қару бойынша сараптама тағайындалды. 

– Қылмыстық топтың жеті мүшесі ұсталды, оның ішінде ең белсенді үш қатысушысы уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Жедел-тергеу шаралары жалғасуда. Тергеу ҚР ҚК-нің бірнеше баптары бойынша жүргізілуде.