Тереңкөлде қаңғыбас ит балаға шабуылдаған
Полиция жағдайды зерттеген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше,17 сәуірде тұрғындардың бірі аудан әкімінің аппаратына балаға ит шабуылдағаны туралы хабарлаған. ҚР «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңының 15-бабы 1-бөлігі 4-тармағының талаптарына сәйкес жануардың қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке қатер төндіретін жағдайды ескере отырып, дүкеннің жанына табылған қаңғыбас итті жансыздандыру туралы шешім қабылданды. Жануарды жансыздандыру үшін ветеринар мамандар шақырылды. Қабаған ит ату кезінде қашып кетті.
Полиция қызметкерлері өз функцияларын орындай отырып, жауапкершілікке тарту үшін ит иесінің жеке басын анықтаумен айналысты.