Ақсулық өрт сөндірушілер жұртшылықтан сүйінші сұрады (видео)

Ақсулық өрт сөндірушілер жұртшылықтан сүйінші сұрады (видео)
Фото: pixabay.com/kelin

Олар гендер-пати өткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Мамандар №10 өрт сөндіру бөлімшесінде ерлі-зайыптылар болашақ сәбидің жынысын анықтады. 

Кішкентай мереке кезінде өрт сөндірушілер өрт оқпанынан қызғылт түсті көбік шашып, болашақ ата-аналар қыз бала күтіп отырғанын жария етті. Әріптестерін құттықтауға бөлімше мамандары, туыстары мен достары жиналды.

Бұл күн Дмитрий Дровалев пен Луиза Оразалина үшін ерекше есте қалды. Қызметтік күндерде де олардың отбасылық бақыты әріптестердің қолдауына ие болып, ұжымдық бірліктің айқын көрінісіне айналды.

Гендер-пати алғаш рет АҚШ-та 2000 жылдары пайда болды. Журналист әрі блогер Дженна Майерс Карвунидис өзінің алғашқы баласына жүкті кезінде торттың ішіне қызғылт крем салып, туыстары мен достарына баланың жынысын жариялаған. Осы оқиға әлеуметтік желілерде кең таралып, жаңаша дәстүрдің басталуына себеп болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Павлодар Облысы Тжд (@112pavlodar)