Екібастұзда жылу желілеріне температуралық сынақ жүргізіледі

Екібастұзда жылу желілеріне температуралық сынақ жүргізіледі
Константин Шелковтің иллюстрациялық фотосы

Осыған орай бірнеше күнге қалада ыстық су болмайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

109 облыстық бірыңғай байланыс орталығының мәлімдеуінше, 24 сәуірден бастап кеншілер шаһарындағы жылу желілеріне температуралық сынақ жүргізіледі. 

- 22-27 сәуір аралығында сынақтарды дайындау және өткізу кезеңінде қала ыстық судан ажыратылады. Сынақ нәтижелері бойынша ақаулы құбыр учаскелерінде жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады, - делінген хабарламада.

Осыған байланысты, осы учаскелермен қамтамасыз етілетін үйлерде ақауларды жойғанға дейін ыстық су болмайды.