Павлодарда оқушыны өткізбеген жүргізушіге айыппұл салынды

Павлодарда оқушыны өткізбеген жүргізушіге айыппұл салынды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Кәмелетке толмаған жеткіншек оқу орнының жанынан өтіп бара жатқан, деп хабарлайды  @Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Назар аударыңыз, балалар!» республикалық жедел алдын алу шарасы аясында жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, 360 мектеп пен мектепке дейінгі мекемеге тексеру жүргізілді. Нәтижесінде  112 көше-жол желісінің кемшілігі анықталып, нұсқамалар жіберілген. Қазіргі уақытта анықталған кемшіліктер жойылуда. Құқық қорғау органдары профилактикалық іс-шара басталғаннан бері білім беру мекемелеріне жақын жерлерде 702 құқық бұзушылықты анықтады.

– Облыс орталығының  «Toyota Highlander» маркалы автокөлікті жүргізген 49 жастағы тұрғыны оқу орнының жанынан өтіп бара жатып, кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіге жол бермеді. Кінәлі азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабы бойынша әкімшілік материал толтырылып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – деді департаментте. 

Айта кетейік, балалар үшін жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей бағытталған «Назар аударыңыз, балалар!» республикалық жедел алдын алу шарасы 2023 жылғы 31 тамыздан 30 қыркүйекке дейін жалғасады.   Полиция департаментінің қызметкерлері мектеп және мектеп жасына дейінгі балалардың жол жүру ережелері бойынша білімдерін арттыру бойынша іс-шаралар өткізуде.