Павлодар облысында көлік аударылып, жүргізуші қаза тапты
Полиция тексеру жүргізуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 сәуірде Аққулы ауданындағы Омбы-Майқапшағай автожолында Шевролет Кобальт маркалы автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегіне аударылды.
Жол – көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған жүргізуші ауруханаға жатқызылып, алған жарақаттарынан қайтыс болды. Сараптама тағайындалды, тексеру жүргізілуде.