Екібастұзда скутерді мас күйінде жүргізген қала тұрғыны ұсталды

Мотороллер жүргізушісі жиырма тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Екібастұз қаласындағы М. Әуезов көшесінде патрульдеу кезінде полицейлердің назарын Stron маркалы скутердің жүргізушісі аударған.
– Құжаттарды тексеруді талап еткен кезде жүргізушіден алкогольдің иісі мүмкіп тұрды. Жүргізушіне тексеруге апардық, ол қандағы алкогольді растады. Көлік құралы мамандандырылған тұраққа қойылды. Материалдар сотта қаралды, мотоцикл жүргізушісі жиырма тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды, – деді Павлодар облысы полиция департаментінде.
Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде құқықтық тәртіп сақшылары көлік құралын мас күйінде жүргізгені үшін 252 құқық бұзушылықтың жолын кесті.