Павлодарда есірткі тұтынған жүргізуші ұсталды
Ол бұған дейін көлік жүргізу куәлігінен айырылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары сағат 04:30 шамасында Нұркин көшесінде «Mercedes-Benz» автокөлігінің жүргізушісін тоқтатқан. Құжаттарды тексеру кезінде жүргізуші есірткі қабылдады деген күдікке ілінді. Медициналық куәландыру кезінде тәртіп сақшыларының күдігі расталды.
– Мәліметтер базасын тексеру кезінде ер адам жүргізуші куәлігінен 2020 жылдың қыркүйегінде жеті жылға айырылғаны анықталды. Ұсталған адамға қатысты тексеру жүргізілуде, автокөлік айып тұрағына қойылды, – дейді департаментте.
Айта кету керек, жыл басынан бері тәртіп сақшылары осыған ұқсас 237 фактінің жолын кескен.