Павлодарда Ақмола облысы үшін гуманитарлық көмек жинау нүктесі ашылды
Еріктілер бей-жай қарамайтын бизнес өкілдерін көмек көрсетуге шақырады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Ломов көшесі, 38 мекенжайында орналасқан Жастар бастамаларын дамыту орталығында Ақмола облысында су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау пункті ашылды және үш күн бойы жұмыс істейді.
Келесі заттар әкелу қажет:
- тез бұзылмайтын өнімдер (ұн, күнбағыс майы, макарон өнімдері және т. б.) және үй жануарларына арналған тағам;
- көрпелер мен матрацтар;
- гигиенаға арналған заттар (сабын, майлықтар, дәретхана қағазы және т. б.);
- жылытқыштар;
Гуманитарлық көмек бойынша волонтерлер орталығының басшысымен хабарласуға болады – Айжан Қали +7 (705) 409-19-05.