Екібастұзда әйелдерге зорлық-зомбылықтан қорғану әдістері айтылды

Екібастұзда әйелдерге зорлық-зомбылықтан қорғану әдістері айтылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

«ГРЭС-2 станциясы» АҚ және «Богатырь Көмір» ЖШС ұжымдарымен кездесулер өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше,  «Әйелдердің зорлық-зомбылығына қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні» акциясы аясында Екібастұз қаласы полиция бөлімшесінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Бақытгүл Сейітқалиева акцияның мақсаты туралы түсініктеме беріп, әйелдер мен балалардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі ҚР заңдарындағы елеулі өзгерістерге назар аударды.

–   Егер де қандай да бір зорлық-зомбылықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, 102 немесе 111 және 150 республикалық сенім телефонына қоңырау шалыңыз. Сіздердің құқықтарыңыз қорғалады, барлық тиісті шаралар қабылданады, – деді инспектор.

Кездесуге қатысушыларға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша ақпараты бар брошюралар мен буклеттер таратылды.