Павлодарда автокөлік пен автобус соқтығысты (ВИДЕО)

Павлодарда автокөлік пен автобус соқтығысты (ВИДЕО)
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Аталған факті бойынша әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 қазан күні сағат 18.50-де Нұрмағамбетов-Қамзин көшелерінің қиылысында «Renault» автокөлігі мен маршруттық автобус соқтығысқан. 

– Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Renault» маркалы автокөліктің жүргізушісі медициналық көмекке жүгінді. Аталған факті тіркелді. ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды, – деді департаментте.  

Облыстық жедел жәрдем станциясында қоңырау сағат 18:46-да түскенін хабарлады. Зардап шеккен 1990 жылы туған ер адам №1 қалалық ауруханаға жеткізілген.