Ертіс ауданының жастары есірткіге қарсы қойылым ұсынды

Полицияның төрт аяқты көмекшілері Блонди мен Буран есірткі құралдарын іздеу қабілеттерін көрсетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы шеңберінде өткізілетін және есірткі заттарын теріс пайдаланумен және олардың заңсыз айналымымен күресудің халықаралық күніне орайластырылған айлық басталды.
Шараны ауданның әкімдігі және прокуратурасы, облыстық полиция департаменті, «New Vision Team» қоғамдық қоры, ауданның жастар бастамаларын дамыту орталығы ұйымдастырды.
Кеште жарқын концерттік бағдарлама ұсынылды. Жас қатысушылар салауатты өмір салты мен есірткі қауіпіне қарсы күрес тақырыбында үгіт-насихат бригадаларының қойылымын дайындады.
Полицияның төрт аяқты көмекшілері Блонди мен Буран есірткі құралдарын іздеу қабілеттерін көрсетті.
– Айлық енді ғана басталды. Алда профилактикалық акциялар, дәрістер, жастармен кездесулер және есірткіден азат қоғам құру жолындағы жаңа қадамдар жасалады. Бүгін жасалған әрбір игі іс ортақ, қауіпсіз ертеңге үлес болады, – деді облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы, полиция подполковнигі Ирина Тимиргалиева.
Шара соңында су атқыштан шашылған салқын судың астында балалар мен ересектер қуанышпен жүгіріп, керемет көңіл күйге бөленді.