Ертіс ауданында жүзден астам тұрғын өзен жағалауын қоқыстан тазартты
Жаңбырлы ауа райына қарамастан адамдар экологиялық акцияны қолдады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қызылжар, Байзақов, Северное, Қарақұдық жағалау округтерінде «Таза Ертіс» экологиялық акция өтті. Іс-шараны аудандық жастар бастамаларын дамыту орталығы ұйымдастырды. Оған жастар, еріктілер қатысты.
– Біз бір апта бұрын экологиялық акцияның басталғанын жарияладық. Аздаған жаңбырға қарамастан, тұрғындарымыз жағалау аймағын қоқыстан тазалауға ынталы болды. Біз өз ауылымызды жақсы көреміз, Ертіспен мақтанамыз және аумағымызды таза ұстауға тырысамыз,– деді орталық директоры Мәдина Каденова.
Еріктілер 18 қоқыс қап жиналды.