Ertis Promenade-та қыркүйектің алғашқы аптасында қандай іс-шаралар өтеді
Павлодарлықтарды спорттық жаттығулар, концерттер, жүгіру жарысы мен кино көрсетілімі күтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
2 қыркүйекте сағат 19:00-ден 20:00-ге дейін LEONE D’ORO фитнес-клубының функционалдық жаттығуы ұйымдастырылады. Бұл шара Open Air маусымын қорытындылайды.
3 қыркүйекте сағат 17:00-де «Замандас достарын шақырады» концерті басталады. Бағдарлама 18:30-ға дейін жалғасады. Ал сағат 20:00-де «Павлодар на спорте» жобасы аясында TOP STAR түрлі форматтағы жаттығулар өткізеді.
4 қыркүйекте сағат 19:00-де Ақсу қаласының шығармашылық ұжымдары концерттік бағдарлама ұсынады.
5 қыркүйекте сағат 9:00-де TOP STAR жаттығулары өтеді. Кешкі сағат 19:00-де SAMIYAN тобы сахнаға шығады.
6 қыркүйекте сағат 8:00-ден 11:00-ге дейін жыл сайынғы «Бегу с TOP STAR» жүгіру шарасы ұйымдастырылады. Апталық бағдарлама сағат 18:00-де «Ақын» фильмінің көрсетілімімен аяқталады.