Аққулыда ұлттық тағам жасап жарысқандар арнайы дайындалған домбыра жеңіп алды

Аққулыда ұлттық тағам жасап жарысқандар арнайы дайындалған домбыра жеңіп алды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қатысушылар домбырамен күй шертті, терме айтып, сахналық қойылымдар қойды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен ұлттық өнер мен дәмнің тоғысқан «Dombya Ethno Party» фестивалі өтті. Фестиваль екі кезеңнен тұрды.

Бірінші кезеңде қатысушылар өнерлерін ортаға салып, күй мен термені, халық әндерін, сахналық қойылымдарды орындап, көрерменге рухани ләззат сыйлады. Екінші кезеңде ұлттық тағамдар көрмесі ұйымдастырылып, әр команда қазақ халқының дәстүрлі ас мәзірін ұсынып, ұлттық дастарханның молдығын көрсетті.

Шараға 10 команда қатысып, олардың қатарында балабақша тәрбиеленушілері, «Нұр-ана» әжелер тобы және домбыра өнерін қадірлейтін түрлі жастағы өнерпаздар бақ сынады.

Фестиваль қорытындысы бойынша барлық қатысушылар ақшалай сыйлықтарға ие болып, бас жүлде иегеріне арнайы домбыра табысталды.