«Ертіс» футболшылары кімдер?

«Ертіс» футболшылары кімдер?
Фото: «Ертіс» ФК

12-29 ақпан аралығында қайта түлеген клубтың екінші оқу-жаттығу жиыны өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Футбол клубының Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, команданың бас бапкері Сергей Якушин мен оның көмекшісі Виталий Чурсин өз таңдауын жасады. Шымкенттегі жиынға 22 футболшы аттанады. Олардың арасында былтыр футболмен ресми қош айтысқан қорғаушы Руслан Есімов және тәжірибелі Виктор Крюков, Владимир Воменко, Артем Попов, Изат Күлжанов және Тимур Байжанов бар. 

«Ертістің» толық құрамы келесідей көрініс тапты: 

  • қақпашылар: Политик, Носков;
  • қорғаушылар: Нырков, Воменко, Баркунов, Есимов, Крюков, Төлеуов, Қанат, Моисеев;
  • жартылай қорғаушылар: Попов, Асайынов, Күлжанов, Боровский, Ысқақов, Анищенко, Әбдуәлиев, Болат;
  • шабуылшылар: Байжанов, Ержанов, Еренғайып, Ержан.

Естеріңізде болса, агенттікке берген сұхбатында команда бас бапкері Сергей Якушин ұжым құрамы 80 процентке жасақталғанын, қалған 20 процент әлі толықтырылатынын айтқан еді.