«Павлодар күтіп отыр»: «Ертістің» бас бапкері таныстырылды

«Павлодар күтіп отыр»: «Ертістің» бас бапкері таныстырылды
Фото: автор

Келісім-шарт футбол маусымының соңына дейін жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Ертіс» ФК директоры Ермек Ермекбай Николай Гавришті журналистерге арнайы баспасөз мәслихатында таныстырды. Жаңа бас бапкер мұндай атақты команданы басқаруға мүмкіндік берген клуб басшылығына алғыс айтты.

Николай Гавриштің сөзіне қарағанда, оның «Ертіске» дейін ешқайда бас бапкер болып істемегені ол үшін кедергі келтірмейді. Кадрлық саясатқа келгенде ол футболдағы белгілі қағиданы қайталап айтты.

- Павлодар алға қойылған мақсаттың орындалғанын күтіп отыр. Егер тәжірибелі ойыншылар жаттықтырушы талаптарын орындап, ойынға әзір болса, сөзсіз ойнайды. Мұнда тек спорттық принцип жұмыс істейтін болады және бұл клуб басшылығымен да айтылған болатын, - деді Николай Гавриш. 

Жаңа бас бапкер футболшылардың рухын көтерумен, содан соң жұрт танитын ойын стилін үйретеді. Алайда, бұл стильдік қандай болатыны – құпия болып қалды.

Командада сапалы ойыншылардың тапшылығы сезіледі, мұны клуб басшылығы да, жаңа жаттықтырушы мойындаған секілді. Сол себепті маусым ортасында «Ертіс» құрамы өзгеріске ұшырауы мүмкін.

- Біздер ұзақ мерзімді жоспар құрудамыз, сол себепті жас ойыншыларға үнемі бақылау жасаймыз, - дейді Ермек Ермекбай. – QJ League матчтарын назарда ұстаймыз, өйткені бізге алға жылжу керек. Бұл ойыншылар негізгі құрам ойыншыларымен бірге жаттығатын болады. Трансферлік терезе ашылған кезде бас бапкердің пікірін тыңдаймыз. Егер ол бір футболшының команда құрамын күшейтеді деп шешсе, бұл мәселені қарастырамыз.

Бас бапкерден бөлек, команданың жаттықтырушылар құрамы өзгерді. Бас бапкер көмекшісі болып Павлодар футболының түлегі Олег Бекет, ал қақпашыларды тағы бір павлодарлық – Қазыбек Мәміленов жаттықтырмақ.