ФИФА финал қарсаңындағы баспасөз мәслихатына билет сатады

ФИФА финал қарсаңындағы баспасөз мәслихатына билет сатады
Фото: Euronews

ФИФА тарихта алғаш рет футболдан әлем чемпионатының финалы алдындағы ресми баспасөз мәслихатын ақылы форматта өткізеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

ESPN мәліметінше, енді жанкүйерлер арнайы билет сатып алып, финалға қатысатын құрамалардың ойыншылары мен бапкерлерін жақыннан көре алады.

Іс-шара 17 шілдеде Нью-Йорктегі Javits Center көрме орталығында өтеді. Жанкүйерлерге арналған төрт күндік бағдарлама коммерциялық серіктес Fanatics компаниясымен бірлесіп ұйымдастырылған. Отбасылық билет құны – 857 доллар, ал тек баспасөз мәслихатына кіру билеті 81,5 доллар тұрады. Дегенмен жанкүйерлер ойыншылар мен бапкерлерге сұрақ қоя алмайды.

2026 жылғы әлем чемпионаты бұған дейін де ең коммерцияланған турнир ретінде сынға ұшыраған болатын. Турнир барысында жарнамалық үзілістердің «су ішуге арналған уақыт» ретінде енгізілуі, стадиондардың ішіндегі демеушілік шоу-аймақтар, ойыншылар шығатын туннельдердегі әйнекпен қоршалған VIP жанкүйерлер аймақтары, билет бағасының қымбаттауы және енді ресми баспасөз мәслихатының ақылы форматқа көшуі коммерциялық бағыттың күшейгенін көрсетеді.