Жыл аяғына дейін Жерге жұлдызаралық объект едәуір жақындауы мүмкін

Жыл аяғына дейін Жерге жұлдызаралық объект едәуір жақындауы мүмкін
Фото: pexels.com/Headshotgames12

Зерттеушінің сөзінше, нысан 21 қараша мен 5 желтоқсан аралығында Жер орбитасына жетуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ Daily Mail басылымына сілтеме жасай отырып.

Гарвард университетінің астрофизигі Ави Лоеб 3I/ATLAS деп аталатын жұлдызаралық объектінің 2025 жылдың соңына қарай Жерге едәуір жақындайтынын ескертті. Лоеб бұл нысанды 1 шілдеде алғаш рет анықталған сәттен бастап бақылап келеді.

Осыған ұқсас алаңдаушылықты CNN де жеткізді. Олар 26 шілдеде Батыс Онтарио университетінің профессоры Пол Вигерттің пікірін жариялап, 2024 YR4 астероидының Аймен соқтығысу ықтималдығын сөз етті. Вигерттің айтуынша, бұл оқиға ғарышта орналасқан спутниктер мен құрылымдарға қауіп төндіруі мүмкін, бірақ Жер тұрғындары үшін аса қатерлі емес.