Майқайың кенішінде қатты жел мен боран іздеу жұмыстарын қиындатуда
Мамандар шамамен үш метрге тереңдей түсті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, «Майқайың-алтын» АҚ аумағында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда: мамандар күн сайын кәсіби аспаптардың көмегімен тереңдіктің түбіне тексеру жүргізеді.
Нөлден төмен температура, қатты екпінді жел мен боран жұмысты қиындатуда. Күн сайын экскаваторды шұңқырдың түбіне түсірер алдында тау-кен инженері барлау жүргізеді және техника үшін жағдайды анықтайды. Сондай-ақ, жүргізілетін жұмыстардың орны кинологиялық есептеулермен үнемі тексеріліп отырады.
– Геосканермен белгіленген нүкте ауданында мамандар шамамен үш метрге тереңдей түсті, жұмыс кеңістігін кеңейту және металл іздегішпен учаскені зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Алайда, топырақ пен тау жыныстарының құлауы жалғасуда, іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу орны үнемі үлкен тастардан тазартылуы керек, – дейді департаментте.
Құтқарушылар техника жете алмайтын жерлерде пневмоэлектро жабдықтардың көмегімен қолмен жұмыс істеуде.
Павлодар облысы ТЖД ТЖБ және КӘАҚҚ РОШ Павлодар филиалының құтқарушылары экскаваторшы мен басқа да мамандардың жұмыстарының қауіпсіздігі мен сақтандыруын ұдайы қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, барлық қосымша іс-шараларды сақтандыруды ұйымдастырады: отын, тамақ, криминалистер мен маркшейдерлерді түсіру, табылған заттарды көтеру және шұңқырдың шетінен тастардың қозғалысы мен құлауын үнемі бақылау. Бұл туралы төменнен рация бойынша хабарлайды.