Павлодарда желдің салдарынан теміржол вокзалындағы жаңа сағат істен шықты
Электронды сағат жуырда ғана орнатылған болатын, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Әлеуметтік желіде вокзал маңында тұрған жаңа сағат қатты желден қирап қалғаны жария етілді. Қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәліметінше, күздің ортасында вокзал маңын абаттандыру жұмыстары аясында ескі сағат жаңартылып, электронды нұсқаға ауыстырылды.
– Іске қосу кезінде сағат жұмысында ақаулар анықталды. Сондықтан ТҮКШ бөлімі жұмысты қабылдамады. Төлем жүргізілген жоқ,– деді бөлім мамандары.
Енді мердігер сағатты қайта жаңартатын болады.