Май ауданында өрттен зардап шеккен жас отбасыға көмек көрсетілді

Май ауданында өрттен зардап шеккен жас отбасыға көмек көрсетілді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Облыстық қоғамдық кеңестің мүшелері Май ауданына барды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Топтың құрамында қоғамдық кеңестің төрағасы Бәкір Демеуов, білім, денсаулық сақтау, мәдениет және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі комиссия төрайымы Бақыт Бексейітова және басқалары болды. 

Жұмыс сапары барысында Қаратерек ауылына барып, дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысымен танысып, 2024 жылы күрделі жөндеуден өткен мәдениет үйі мен ағымдағы жылы жоспарланған мектепті жөндеу жұмыстарымен танысты.

Сондай-ақ Көктөбе ауылында өрттен зардап шеккен жас отбасының үйінде болды. Қоғамдық кеңес жас отбасына жалпы сомасы 1 млн 860 мың теңгеге қайырымдылық көмек көрсетті.

Еске сала кетейік, Май ауданының Көктөбе ауылында екі пәтерлі үйге жапсарлас салынған газоблоктан тұрғызылған үй кіреберісінде өрт болған. Хабарлама 14 қаңтарда сағат 20.48-де түскен. Құтқарушылар өрт сөндіру кезінде жанып жатқан үйдің кіреберісінен 27 литрлік газ баллонын шығарды.