Павлодарда ЖБО асыққан жаяу жүргіншілерді қалт жібермейді

Павлодарда ЖБО асыққан жаяу жүргіншілерді қалт жібермейді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қала көшелерін кесіп өту кезінде қиындықтарға тап болған тұрғындардан өтініштер түсуде, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Руфат Кенжин мәлім етті. 

– Қалада бағдаршамдар арта береді. Оған тұрғындардың да ықпалы бар. Жергілікті тұрғындар жаяу жүргіншілер өткелдерін орнату туралы өтініш жасайды, қажет болған жағдайда бағдаршамдармен қосымша жабдықталады, – дейді Руфат Кенжин.

Мысалы, Семей тас жолы бойынша орналасқан Саяжай шағын ауданындағы жолда қатарынан үш жаяу жүргіншілер өткелі орнатылған. Сол жерде төрт адамды қағып кеткен. 

– Барлық жүргізушілер ережелерді жақсы меңгере бермейді, кейбіреуі жол белгілерін байқамайды. Ал бағдаршамдар тәртіпті бұзуға жол бермейді, – дейді спикер. 

Сондай-ақ, ол рұқсат етілмеген жерлерде өтетін жаяу жүргіншілер бойынша жұмыс нақты түрде жүргізілетінін алға тартты. Яғни, бүкіл қабырға мониторлармен қапталған жедел бақылау орталығында операторлар отырады. Егер олар құқық бұзушылықты көрсе, осы аймақтағы жақын маңдағы патрульге қоңырау шалып, белгілерді беріп, құқық бұзушылықты тіркейді. 

– Олар патрульді сол жаққа бағыттау үшін құқық бұзушылардың қай жаққа бет алғанын айтады. Кейбір адамдар өздерінің теріс әрекеттерін мойындамайды. Мұндай жағдайда жедел бақылау орталығының қызметкері оларға радиостанция арқылы хабарлап, ол қалай, қай жерде болғанын айтады. Осыдан кейін құқық бұзушы бейнежазбаны қарағысы келсе, онда патрульге планшетке бейнежазба жіберіліп, дәлелденеді, – дейді спикер. 

Бұл ретте, оқиға орнында 615-бап бойынша хаттама толтырылады.