Павлодарда жолаушылар пойызы жазғы тасымалдауға дайындалуда

Павлодарда жолаушылар пойызы жазғы тасымалдауға дайындалуда
Фото: Константин Шелков

Павлодарда жолаушылар пойызы жазғы тасымалдауға дайындалуда 

Технопарктар тәулік бойы вагондарды тексерумен және жөндеумен айналысуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, мамандар вагон мен оның астындағы жабдықтары мен жүріс бөлігіне жоспарлы тексеру жүргізуде. Сондай-ақ, сыртқы шанағын жуып, тамбурлар мен тұтқаларды бояуда.

– Рейске дейін барлық вагондар еденді, төбені, үстелдерді, дивандар мен терезелерді қоса алғанда, санитарлық және дезинфекциялық өңдеуден өтеді, – деді ведомствода. – Сапар алдында қызметкерлер медициналық тексеруден өтеді. 

Бұдан бөлек,  персоналға қауіпсіздік шараларын сақтау, алғашқы медициналық көмек көрсету және қызметтік әдеп нормаларын сақтау тұрғысынан нұсқау беріледі.