Мемлекет басшысы Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды
Бірінші борт Бұхара әуежайына қонды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Республикасына жұмыс сапарымен барды.
Мемлекет басшысын Бұхара қаласының әуежайында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қарсы алды.
Салтанатты қарсы алу рәсімі барысында Қазақстан Президентінің құрметіне ұлттық ән мен би орындалды.
Бүгін мемлекеттер басшылары бейресми кездесу өткізіп, қаладағы бірқатар тарихи және өнеркәсіп нысандарын аралайды. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты дамыту және өңірлік өзара іс-қимыл мәселелері талқылануы күтілуде.